Вован деген есіммен белгілі пранкер (телефон арқылы адамдарды алдаушы) Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконы алдаған. Даусын Виктор Януковичтің баласына ұқсатып келтірген телефондағы тентек Лукашенкодан әкесіне саяси баспана сұраған, өз кезегінде Белоруссия президенті оған келісімін берген, - деп хабарлайды LifeNews.

Телефондағы әңгіме шамамен 9 минутқа созылған. "Кіші Виктор Янукович" әкесімен бірге жанұясының Ресейден Белоруссияға көшуіне мүмкіндік бар-жоқтығын сұраған. Ол мұны әкесі "саяси ойында қолдан қолға өте беретін монетаға" айналып кеткен жағдайдағы "қосалқы жоспар" үшін керек деген. Өз жауабында Лукашенко оған Киевтегі мәлімдемесін еске салған, яғни президент Януковичке туған жері Докшиц ауданындағы Януки ауылына келуіне ешкім тыйым сала алмайтындығын айтқан.
Өзің кіші Януковичпін деп таныстырған телефондағы тентек ризашылығы үшін Лукашенкоға "алтын батон" сыйлауға уәде еткен. Бұл сөз Белоруссия президентінің күлкісін келтіріп, бір желпіндіріп тастаған.
Кіші Виктор Януковичтің өзі болса Лукашенкомен арада әңгіме болмағанын мәлімдеп үлгерген. "Қысқаша жауап қайырам: мен - даңғойлықпен ауырмайтын, мемлекеттік өсек-аяң тасымайтын, Украинаны ыдырату үшін мемлекеттік төңкеріс жасамайтын қарапайым адаммын, сондықтан өзімді өзге мемлекеттің басшыларымен келіссөз жүргізуге құзырлымын деп санамаймын. Ал Лукашенко мырзаны телефон тентегі-панкер Вован алдаған секілді. Бұл мәселеге қатысты басқа алып-қосар ештемем жоқ" - деп жазады Януковичтің ұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.