Тележүргізуші Диля Ибрагимова: "Ауруым өршіп барады, орнымнан көтеріле алмаймын"

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тележүргізуші Диля Ибрагимова: "Ауруым өршіп барады, орнымнан көтеріле алмаймын" © facebook/Диля Ибрагимова

Қазақстандық танымал тележурналист Диля Ибрагимоваға дәрігерлер бір жыл бұрын "прогрессивті көп ошақты лейкоэнцефалопатия" диагнозын қойған (көбіне бұл дерттің соңы өліммен аяқталады). Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында қазақстандықтардан көмек сұрады.

"Өкінішке қарай, ауруым өршіп бастады. Кеше ғана рульде отырған едім, ал бүгін көтеріле алмай отырмын. Нақтырақ айтқанда тұрамын, бірақ бір жерге жету өте қиын. Маған шұғыл ауруханаға жату керек. Дүйсенбіде таңертең "совминкаға" барамын. Онда мені күтіп жатыр. Достар, қайтадан сіздерден көмек сұрағалы тұрмын. Мүмкіндік болса, қол ұшын созыңыздаршы... Барлық қолдау білдіргендерге ризашылығымды білдіремін", - деп жазды ол. Сондай-ақ, журналист парақшасына банк деректемелерін қалдырған.

Диля Ибрагимова ұзақ уақыт бойы "Таң", "Хабар", КТК телеарналарында спорт жаңалықтарын хабарлайтын жүргізуші болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда ұл тәрбиелеп отыр.

© facebook

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети