Tengrinews.kz фотографы Зерендіде өткен байқауда топ жарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотографы Зерендіде өткен байқауда топ жарды "ZEREN.photo-fest" байқауының жеңімпазы Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысы Зеренді кентінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында "ZEREN.photo-fest" атты фототілшілер байқауы өтті. Байқауға Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов та қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Зеренді кентінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында "ZEREN.photo-fest" атты фототілшілер байқауы өтті. Байқауға Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов та қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ZEREN.photo-fest" байқауында "Үздік фоторепортаж" жанры бойынша Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов топ жарған. Бұдан бөлек байқауда "Үздік фототілші", "Үздік фотоэтюд", "Үздік фотопортрет", "Үздік фотопейзаж", "Үздік фотоочерк" номинациялары болған.

Сондай-ақ, төрт кезеңнен тұрған фотобайқаудың бірінші кезеңінде конкурсқа қатысушылар "ЕҰУ-25" тақырыбында үй тапсырмасын орындаған. Орындалған жұмыстардан Зеренді демалыс аймағында арнайы көрме жасалып, ол Қазылар алқасы тарапынан бағаланған.

Екінші "Фотопортрет" кезеңінде кәсіби маман студенттерге фотопортрет түсірудің қыр-сырын үйреткен. Әсіресе, адамның жан дүниесін, мінез-құлқын, көңіл-күйін, тағы басқа сыртқы бет-әлпетімен, кескін-келбетімен үйлестіре отырып көрсетудің тәсілдерін үйрету арқылы байқауға қатысушылардың шеберліктері бағаланды.

Үшінші-төртінші кезеңде "Пейзаж" және "Фоторепортаж" жанрлары бойынша Зеренді демалыс аймағынан фоторепортаждар түсіріліп, ұсынылған суреттер жанрдың сапасы мен мазмұны, жанрлық ерекшеліктеріне қарай бағаланған.

"Үздік фотопортрет" жүлдесі иегерлері:

  • Ерлан Омаров - "Егемен Қазақстан" газетінің фототілшісі Ерлан Омаров;
  • Ғани Өмірбеков - ҚР Президентінің фототілшісі;
  • Ербол Ерденбек - ЕҰУ фототілішісі.

Үздік фотопейзаж:

  • Ерболат Шадрахов - National Geographic қоғамының фототілшісі;
  • Мұхтар Холдорбеков - Kazinform.kz фототілшілері;
  • Мейірбек Тажкуранов - Jas Otan жастар қанатының фототілшісі.

Үздік фотоэтюд:

  • Советбек Мағзұм - "Арқа ажары" газетінің фототілшісі, еңбек ардагері;
  • Бауыржан Жуасбаев - Kazinform.kz фототілшісі.

Үздік фоторепортаж:

  • Тұрар Қазанғапов - Tengrinews.kz ақпарат сайтының фототілшісі;
  • Аман Дүйсенбаев - ҚР Президентінің фототілшісі;
  • Нариман Мырзабаев - ҚР премьер-минстрі ресми сайтының фототілшісі.

Үздік фотоочерк:

  • Доған Йылдыз - Каzaknews.kz фототілшісі;
  • Сұлтан Сейіт - "Астана ақшамы" газетінің фототілшісі.

"Үздік фототілші" жүлдесі барлық жанр бойынша шеберлік танытқан фотожурналистерге берілген.

  • Шүкір Шахай - ҚР премьер-министрінің фототілшісі;
  • Орынбай Балмұрат - Egemen Qazaqstan газетінің фототілшісі, еңбек ардагері.

Суреттерді "ZEREN.photo-fest" ұйымдастырушылары жолдады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети