Тереңкөл әкімі тұрғындарға неге әтеш пен ешкі сыйлады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pavon.kz, pavlodarnews.kz © pavon.kz, pavlodarnews.kz

Павлодар облысындағы ауыл әкімі тұрғындарға сыйлық ретінде неге ешкі, әтеш және қоян беретінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысындағы ауыл әкімі тұрғындарға сыйлық ретінде неге ешкі, әтеш және қоян беретінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында Тереңкөл ауылының әкімі Аждар Жүсіпов 125 кітап оқыған 5-сынып оқушысына ешкі сыйға тартқан еді.
Оның айтуынша, адамдарға материалдық заттарға қарағанда жануарлар көбірек қуаныш сыйлайды. Аждар Жүсіпов бұған дейін Павлодарское ауылының әкімі болған. Сол кезде ол ауыл тұрғындары арасында түрлі конкурстар ұйымдастырып, "тірі сыйлықтар" табыстауды бастаған екен.

"Хоббиім сондай - тек қана асыранды жануарлар сыйлаймын. Осындай сыйлықтар қажеттірек деп санаймын. Ақша берсең, ол бірден жұмсалып кетеді. Ал жануар сыйласаң, адамдар қуанып қалады. Жақында кітапханамыздың үздік оқырманы атанған бесінші сынып оқушысына ешкі сыйладым. Ол аз қамтылған отбасыдан екен. Әкесінің айтуынша, ешкі олардың шаруашылығына жәрдем болады. Бұл пайдалы сүт қой", - деді Жүсіпов.

Әкім берген "тірі сыйлықтардың" ішінде тауыс та болған. Экзотикалық құсты Аждар Жүсіпов Павлодар орталық мешітіне сыйлаған. Әкім "не сыйлаймын" деп бас қатырмайды екен.

"Идея аяқ астынан келеді. Қазір біздің ауылымызда 30 көпбалалы отбасы бар. Наурызда осындай отбасылардың балалары арасында Рубик кубигін жинау бойынша жарыс өткізбекпіз. Жеңімпаздарға әтештер мен қояндар сыйлаймын. Басқа ештеңе бере алмаймын", - деп ауыл әкімі жоспарымен бөлісті.

Айта кетерлік жайт, Жүсіпов Тереңкөл ауылының әкімі қызметіне бір апта бұрын ғана тағайындалған. Осы уақыттың ішінде ауыл тұрғындарының сеніміне кіріп үлгеріпті.

"Кәсіпкерлер идеямды қолдады. "Тірі сыйлықтармен" көмектесіп тұрады. Маған не берсе, соны сыйлаймын. Кей ауыл әкімдеріне мен ұнамаймын. Мен олардың ойынша өзіме пиар жасап жүрмін, популизммен айналысады екенмін. Ал мен тек өз жұмысымды көрсетемін. Халыққа қуаныш сыйлағым келеді", - дейді әкім.
Аждар Жүсіпов креатив идеялары мен сыйлықтарының арқасында бұрыннан танымал болған. Павлодарское ауылының әкімі болып тұрғанда жарыстар ұйымдастырып, ауыл тұрғындарына әтеш, тауық, ешкі, қой, бұзау сыйға тартатын. Тіпті, мектеп түлектері мен соғыс ардагерлерінің жесір әйелдерін лимузинмен қыдыртқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro