Будданың дін қызметкері жапониялық танымал Хатико итінің өлгеніне 80 жыл толуына орай арнайы еске алу рәсімін өткізді. Шара Токионың орталығындағы Хатико ескерткішінің маңында болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Будданың дін қызметкері жапониялық танымал Хатико итінің өлгеніне 80 жыл толуына орай арнайы еске алу рәсімін өткізді. Шара Токионың орталығындағы Хатико ескерткішінің маңында болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Хатико. Фото: Archive copy at the Wayback Machine
Өткен ғасырдың 1930 жылдары акита-ину тұқымды жапониялық ит адалдықтың нышанына айналған болатын. Ол өзінің иесі өмірден өткеннен кейін он жылдай Сибуя станциясының қасында иесін күткен. Сол себепті ит "Адал күшік Хатико" атанып кетті.
1912-1945 жылдардағы Сибуя станциясы. Фото: Visual History of Nostalgic Station
Хатико 8 наурызда дүниеден өтсе де, сакура гүлдерінің шығу уақытына орай еске алу рәсімі бір ай кеш өткізіледі. 80 жыл бойы Хатико ескерткішіне будда діни қызметкері келіп дәстүрге сай рәсім өткізіп келген. Ескерткіштің жанына Хатиконың табынушылары мен өткінші адамдар жиналады.
Сибуя станциясы маңындағы Хатико ескерткіші. Фото: japannewstoday.com
Хатико 1923 жылы туылып, Жапониядағы ауылшаруашылық ғылымына еңбегі сіңген Токио Император университетінің профессоры Хидэсабуро Уэноның үйінде тұрады. Ит өзінің иесін үнемі Сибуя станциясына дейін шығарып салып, сол жерден күтіп алатын болған. Бірақ бір жарым жыл өткен соң иттің иесі Уэно жұмысқа кетіп, жүрек талмасынан көз жұмады. Иесінің өлетінін сезгендей, Хатико 2-3 күн тамақ ішпей жүреді. Ит содан кейін иесінің достары мен туыстарының үйлерінде тұрады. Бірақ үнемі Сибуя станциясына келіп иесін күтіп жүреді.
Алғашқы жылдары ол қатты қиналған. Қарны ашып, өткен-кеткен адамдардың қорлауына тап болады. 1932 жылы ғана ит "Токио газеті" журналистерінің өзі жайлы жазған мақаласынан кейін танымал болады. 1934 жылы иттің тірі кезінде оған арналған ескерткіш тұрғызылған. Ит ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Хатико 1935 жылы қайтыс болады.
Последний снимок Хатико. Фото: asahi.com
Ескерткіш екінші дүниежүзілік соғыс кезіндее қиратылып, кейін қайта орнына келтірілді. Қазір Хатико ескерткіші Токиодағы ең танымал орындардың бірі. Сибуя станциясынан шығатын жерлердің бірін "Хатико есігі" деп атайды. Иттің құрметіне Ричард Гир фильм түсірді, фильм жарыққа шыққаннан кейін танымал болды.