"Тірі жан жоқ". Жаңа туған қызын көру үшін ер адам Шымкенттен Алматыға бір тәулік жүрген

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тірі жан жоқ". Жаңа туған қызын көру үшін ер адам Шымкенттен Алматыға бір тәулік жүрген © instagram/kris_p_brothers_official

Ер адам Шымкенттен Алматыға жаңа туған қызын көру үшін 24 сағат жол жүрген. Бұл туралы видео Instagram-дағы kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ер адам Шымкенттен Алматыға жаңа туған қызын көру үшін 24 сағат жол жүрген. Бұл туралы видео Instagram-дағы kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды.

"Алматылық тұрғын Шымкенттен көптен күткен қызымен алғашқы кездесуі үшін 24 сағат жүрген. Ол жолда көліктен көлік ұстап, жаяу жүремін деп, жаурап, аяғы су болып қалыпты. Оған суды тас жолда әрең пайда болған көліктер шашыратып кеткен, карантин кезінде өміріне қорыққандықтан, ешкім тоқтамаған. Тек жүк көлігімен жүрген ағайынды түріктер оған үйге жетуге көмектесіпті", - делінген ролик сипаттамасында.

Ер адамның өзі бұл өміріндегі қызық жайтты ешқашан ұмытпайтынын айтты. Кадрларға қарағанда, алматылықтың саяхаты сәтті аяқталған секілді, ол әйелімен, нәресте қызымен кездесті. Алайда оның қалаға нақты қалай жеткені белгісіз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети