31 қаңтар 2022 | 12:33

Түркістандық ақсақал "Әзірет Сұлтан" музейіне тарихи мұралар табыс етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістандық ақсақал "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ата-бабадан мирас боп келе жатқан тарихи, діни-рухани кітаптар мен жазба ескерткіштер табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістандық ақсақал "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне ата-бабадан мирас боп келе жатқан тарихи, діни-рухани кітаптар мен жазба ескерткіштер табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күні бүгінге дейін көне сандықта ораулы жатқан мұраларды көздің қарашығындай сақтап келген Лахабаев Тұрмағанбет қария ғасыр көрген жәдігерлер ары қарай Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде сақталғанын жөн санапты.

"Әкем 3 жасымда қайтыс болған. Жетпістен асып көз жұмған анам осы дүниелерді аманаттап кетті. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дүниені күтіп-сақтағанымыз болмаса, ішіндегі жазулардың мәні, тарихи құндылығына мән бермеппіз. Ғасырлар көрген мұраларды мәңгілікке сақтау үшін музейге тапсыруды ұйғардық", - дейді Тұрмағанбет қария.

Осы орайда "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев 81 жастағы Тұрмағанбет Адамбекұлының тарихи құндылықтарға жауапкершілікпен қарап, музейге тапсыруға ниет еткен бастамасына алғыс айтып, музей қызметкерлері кітаптарды ары қарай кәсіби тұрғыда сақтайтынына уәде етті.

Қорық-музейдің қызметкері Толқын Жолдасов музей қорына аманаттаған еңбектерді аударып, зерттеу жұмыстарын жүргізген.

"Көлемі кіші кітаптың сақталу жағдайы нашар. Кітаптың алғашқы беттері мен соңғы беттері жоғалған. Осыған орай кітаптың басылған жылын анықтау мүмкін болмады. Кітап мұқабасы да өзге кітаптан қырқылып жасалған. Сақталып қалған бөлігінің ішкі мазмұнына жасалған алғашқы шолу жұмыстарының нәтижесінде түрки жазбасымен Адам алейхиссалам мен шайтан арасындағы оқиғалар баяндалғаны, кітаптың ішіндегі жекелеген әріптер мен сандардың қолданылуынан адамға жабысқан түрлі тәни және рухани аурулардың ем жолдары мен әдістері жазылғандығы байқалады.  

Кітаптың сақталып қалған бөлігінің өзі бірнеше тараудан тұрады. Болашақта атқарылатын зерттеу жұмыстары кітаптың ішкі мазмұнын толық анықтауға мүмкіндік береді деп сенеміз.  
 
Ал, 1878 жылы Санкт Петербургте басылып шыққан газетке келер болсақ, жәдігер қатты зақымдалып, ұсақ бөліктерге бөлініп кеткен. Бөліктерде діни нысанның (мешіт немесе кесене) жекелеген бөліктері мен араб тіліндегі сөздердің бөліктері байқалады. Бұл жәдігердің мазмұнын анықтау үшін, толықтай қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет", - дейді Толқын Жолдасов.

Аудармашы мамандардың айтуынша, тағы бір кітапта пайғамбарлар оқиғалары, әртүрлі дертпен ауырған адамдарға шипа болатын дұғалар берілген.  Аллаһ, Мұхаммед (с.а.у) және 4 сахаба (Хз Әбубәкір, Омар, Осман, Әли) есімдері және пайғамбарымыздың немерелері Хасан, Хусейін есімдері берілген. Сақталуы нашар. Рухани орталықтар мен тарихи орындар жайлы ескі сызба-картаның да сақталуы нашар болғандықтан, толық ұғыну мүмкін болмады. Жазба және баспа еңбектері қайта қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети