23 желтоқсан 2019 | 10:26

"Тұрып қалған тауар сатылады". Мамандар мереке күндері алдындағы жеңілдіктер жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мереке-мейрам жақындап, жыл аяқталар сәтте дүкен мен сауда орындарына бара қалсаңыз, жаппай сатылым мен жеңілдіктің түр түрін көресіз. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар құсап самсап тұрған, еліртіп шақыратын жарнаманың түрі сан алуан. Бұл сонда не, бұқара халықтың қамын ойлаған саудагерлердің жасайтын жақсылығы ма жоқ әлде қосымша ақша табудың амалы ма? Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасының" сюжетінде.


Иконка комментария блок соц сети

Мереке-мейрам жақындап, жыл аяқталар сәтте дүкен мен сауда орындарына бара қалсаңыз, жаппай сатылым мен жеңілдіктің түр түрін көресіз. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар құсап самсап тұрған, еліртіп шақыратын жарнаманың түрі сан алуан. Бұл сонда не, бұқара халықтың қамын ойлаған саудагерлердің жасайтын жақсылығы ма жоқ әлде қосымша ақша табудың амалы ма? Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасының" сюжетінде.

Қызылды-жасылды белгілер, маңдайшадағы жазулар мен пайыздық жеңілдіктер көрсетілген хабарландыру. Халыққа арзан бағамен зат алып үлгеріп қалыңдар деген үгіт-насихат басталып кетті. Кәсіпкерлер бұл "бір оқпен екі қоянды" ұзынынан түсіретін әдіс екенін жасырмайды.

"Жаңа жылдың қарсаңында келушілердің саны артады. Себебі, бір-біріне сый жасағысы келеді. Тұтынушыларды қуанту мақсатында біз де акциядан тысқары қалмаймыз. Жеңілдіктерге келетін болсақ ескі де жаңа да тауарға бірдей жасалады. Бұл науқан кез келген бизнеске қосымша ақша табу үшін таптырмас кезең", - дейді сауда дүкенінің директоры Саида Мамыраева.

Маркетолог мамандар болса, мұндай науқанның өзіндік мақсаты барын айтады. Әлбетте, тауарды өткізу, бірінші кезектегі шаруа. Ал жылдың соңына дейін ескі дүниеден арылып, жаңа жылдан жаңасын әкелу үшін де мұндай акциялардың пайдасы мол екен.

"Мұндай жеңілдіктер біраз уақыт бойы сатылмай тұрып қалған және нарықта сұранысы төмендеген дүниелерге беріледі. Бұл сатылымды арттырып алудың жақсы, тексерілген жолы. Ал тұтынушылар ақша үнемдейміз деп оны алады. Мынадай қызық нәрсе бар. Егер сауда орны бір заттың өз бағасына сәл тиын қосып акциямен сатса, келушілердің қалтасында сәйкесінше қосымша қаражат қалады. Осы қарқынмен олар басқа да нәрселерді алғысы келеді. Ал бұлкәсіпкерлер үшін екі есе пайда", - дейді маркетинг бойынша кеңесші Диана Бұрлыбаева.

Негізгі бағасы сызылып, он теңгеге болсын арзандап жаңа сома жазу - ол да бір ерекше тәсіл. Естіген құлақ, көрген көз соған да алданады екен. Психологтар бұл азаматтардың мінез-құлық, әдетін әбден зерттеген әккі мамандардың әдісі дейді.

"Біріншіден, отбасылық қаржысына кері әсерін тигізеді. Сосын өкініш сезімі, еліккеннің кері әсері арқылы кейбір өзінің сенімсіздік не эмоцияналдық қобалжуларға әкеледі. Неге сатып алдым, бекер сатып алдым деп үйіне келген соң ойланады. Бағасы бір теңгеге төмендесе де 1999 теңге дейтін болса адам санасыз тұрғыда арзан екен дейді. 2000 теңгеге қарағанда 1999 теңге арзан болып тұр. Шын мәнінде бір теңге ғана. Бірақ оны адам сезбей қалады", - дейді психолог Жаңагүл Тұрманова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети