Twitter Бас директоры Джек Дорси микроблогындағы жазылушыларына компанияны басқарып, жеке өмірін де ұмытпай барлығына бірдей қалай үлгеретіні туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Twitter Бас директоры Джек Дорси микроблогындағы жазылушыларына компанияны басқарып, жеке өмірін де ұмытпай барлығына бірдей қалай үлгеретіні туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дорсидің айтуынша, ол таңертең бірінші кезекте істейтін жұмыстарының тізімін жасайды, ол тізімде істеуі тиіс және істемеуі тиіс істер де бар. Twitter негізін салушының айтуынша, ол кешке тізімді бір қарап шығып, "қажет емес" делінгендерден бірқатар позицияны "қажет" деген тізімге ауыстырады.
A practice I’ve been using off and on for years: every morning I write a checklist of work I intend to do today, and work I won’t do today. Focused on more strategic efforts rather than calendar stuff. I check off the “won’t do” before sleep (and eventually move them up to “do”). pic.twitter.com/tm5vrqPXvv
— jack (@jack) 17 октября 2018 г.
Джек Дорсидің істерінің тізімі мынадай:
Істеу керек:
- Медитация;
- Инфрақызыл сауна;
- Жаттығу;
- Жаңа бір нәрсе білу үшін Twitter-де сұрақ жариялау;
- Оқу керек: Winners Take All: The Elite Charade of Changing the World кітабы;
- Жазу керек: Square - бұл экожүйе...;
- Жазу керек: Caviar мейрамханасындағы түскі ас туралы жазба;
- Есептеу керек: Твиттердің көрсеткіштері;
- Қадағалау керек: Proposition C талқылау - Лос-Анджелестегі салық жүйесі.
Керек емес:
- Алкоголь;
- Шешу: команданың шұғыл міндеттері;
- Жазу: өндіріс туралы жазба;
- Жазу: жұмыс қағидаттары туралы жазба.
Күнделікті сұрақтар:
- Қандай ақиқатты біле алдым?
- Бүгінге не үшін алғыс айтамын?
- Кімге көмектесе алдым?