Үйлену туралы сәтсіз жасалған ұсыныс Желіні шулатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйлену туралы сәтсіз жасалған ұсыныс Желіні шулатты

АҚШ-та үйлену туралы жасалған сәтсіз ұсыныстың видеосы Желіні шулатты. Видео Atlanta Hawks командасының Youtube хостингіндегі арнасында пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та үйлену туралы жасалған сәтсіз ұсыныстың видеосы Желіні шулатты. Видео Atlanta Hawks командасының Youtube хостингіндегі арнасында пайда болды.

Баскетбол матчының үзілісінде өткізілетін дәстүрлі сүйісу акциясында ер адам тапқырлығымен таңғалдырды. Үлкен экран кадрларынан өзін көрген жігіт қасында отырған қызға үйлену туралы ұсыныс жасап, алдын ала дайындаған сақинасын шығарады.

Алайда жастардың қуанышы ұзаққа созылмады. Жігіттің артында тұрған досы оны қуаныштан итеріп қалғанда қолындағы сақинасы түсіп кетеді. Видеодан қыздың оның әрекетіне ашуланғанын көруге болады. Видеоға қарағанда, жүзік сол күйі табылмаған. Ал қыздың ашуына таңғалған Желі қолданушылары жігіттің кейін досына алғыс айтуы мүмкін екенін де айтып, мысқалдап жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети