25 ақпан 2016 | 10:17

Украин жігіт 4 жасар баланы құтқару үшін өз өмірін қатерге тікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Украина азаматы 4 жасар баланы құтқару үшін өз өмірін қатерге тікті. Оқиға 19 ақпанда Закарпатская облысының Грушево ауылында болды, - деп хабарлайды "Сегодня.ua".


Иконка комментария блок соц сети

Украина азаматы 4 жасар баланы құтқару үшін өз өмірін қатерге тікті. Оқиға 19 ақпанда Закарпатская облысының Грушево ауылында болды, - деп хабарлайды "Сегодня.ua".

Оқиға бейнеленген видео Интернетте жарияланды. Бейнежазбадан баланың жеңіл автомобиль жоғары жылдамдықпен келе жатқан жол бойына кенеттен жүгіріп шыққанын көруге болады. Мұны көрген ер адам оны құтқаруға жүгірді. Дегенмен екеуін де көлік соғып кетті. Негізгі соққыны ер адам алды. Қуанышқа орай, бала да, ер адам да зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, баланы құтқарған ер адам комбикорм сатушысы болып шықты. Бала ол жерге отбасымен бірге келген екен. "Мен бұл отбасыны танимын. Олар менен комбикорм сатып алуға келді. Кенеттен бала жолға жүгіріп шықты. Жолда автомобильдің келе жатқанын көрдім де, оны құтқаруға жүгірдім. 4 жасар баланы көлік қағып кеткенін қаламадым. Бұл жағдайда жүргізушінің кінәсі жоқ. Бала жүгіріп шыққан кезде ол да не істерін білмей қалды. Кейін мені жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. Тексерістен өттім, жағдайым жақсы", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети