01 маусым 2014 | 14:17

Украиндық бозбала қазақстандық құрдасының емделуіне қаржы жинауда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимофей Веревкин мен Никита Жуков Тимофей Веревкин мен Никита Жуков

Никита Жуков есімді украиндық бозбала қазақстандық құрдасының Үндістанда ем-дом қабылдауы үшін қаржы жинастыруда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Никита Жуков есімді украиндық бозбала қазақстандық құрдасының Үндістанда ем-дом қабылдауы үшін қаржы жинастыруда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Украиндық Никита Жуков өзінің қатарласы 14 жастағы бозбала  өскемендік Тимофей Веревкиннің ем-домына қажетті қаржыны жинау үшін ғаламторда көмек тобын ұйымдастырып, әлеуметтік желілерде пост ашып, оны қолдау мақсатында виртуалды флешмоб құрған. 

Тимофейдің анасы Виктория Казачкованың айтуына қарағанда, құрдастар ағымдағы жылы көктемде үндістандағы Fortic ауруханасында танысқан. Олардың екеуі де онкологиялық аурумен ауырады. Емдеу курсынан кейін бозбалаларда жаман ауруды жеңуге үміт пайда болған.

"Никита ата-анасымен біз жатқан қонақ үйге тоқтаған болатын. Аз уақыт ішінде қатарластар тіл табысып кетті, олар бірге ойнап, ем қабылдауға бірге барып, бір біріне үнемі қолдау білдіріп жүрді. Никита менің ұлымның болмысына қатты әсер етіп қана қоймай, ұлым екеуі ауырған дерттен толық сауығып кетуге болатынын және ол жолда тек күресу керектігін айтты. Ол үйіне  орала салысымен Тимофейді қолдау мақсатында, әрі оның еміне қажетті қаржыны жинастыру үшін ата-анасынан волонтерлерге шығуын өтінген", - деді Казачкова.

Оның баласын емдеуге 6 мың АҚШ доллары қажет, ал 2 мың доллар күнделікті жүріп-тұруға, дәрі-дәрмек пен жолақыға кетеді. Бірақ бұл нақты сомма емес, соңғы күндері баланың жағдайы тым нашарлап кеткен екен.

"Төрт айда бәрі тамаша болды. Ал қазір баланың анализі нашар болып тұр. Қазір ұлым төсек тартып жатыр. Маусымның 15-іне дейін арнайы бақылауда болады. Дәрігерлер "егер баламның ағзасы емді одан әрі қабылдамайтын болса, онда оған сүйек миы трасплантациясы осы жылдың қыркүйегіне дейін жасалуы керек" дейді. Операцияның құны 100 мың доллар, ал бізде ондай қаржы жоқ", - деді Казачкова.

Тимофей Веревкин ауруға 2012 жылы шалдыққан. Сол уақытта алматылық аурухананың қызметкерлері балаға дұрыс диагноз қоймағандықтан, олар көрсеткен ем-домнан еш пайда болмаған. Артынан елордалық аналар мен балалар орталығына жіберген. Алайда ол жақта да көрсетілген емнен пайда болмапты. Қайырымдылықтан түскен қаржыға анасы мен баласы үндістанның клиникасына барған.

Бұған дейін хабарланғандай, 2014 жылы наурызда үндістандық госпиталь қазақстандық пациенттен қаржыны тезірек өтеуді талап етіп, ескерту жасаған. Ал қарыз толықтай өтелмейінше баланы стационардан шығармайтындықтарын айтқан. Демеушілердің арқасында аурухана есеп-шотына 8 мың доллар қаржы аударылған. Содан кейін Тимофей ауруханадан шығып, емді амбулатория жағдайында қабылдауда.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети