30 қараша 2016 | 18:08

Ұлттық ұлан үздіктерін анықтап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет баспасөз қызметінен Сурет баспасөз қызметінен

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында Ұлттық ұлан офицерлерінің командирлік дайындық деңгейін жоғарылату, бөліністердің қызметтік-жауынгерлік міндеттерінің сапасын арттыру және батальон буынындағы сардардардың кәсіптік шеберліктері мен озық тәжірибелерімен өзара алмасу мақсатында үстіміздегі жылдың 28-29 қарашасы аралығында 5571 әскери бөлімінің базасында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында "Үздік батальон командирі", "Үздік батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары", "Батальоннның үздік штаб бастығы" байқау-сайысының 2-ші кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Баспасөз қызметі.

Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ат терлетіп келген сардарлар мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының Жалпы әскери жарғысын білуден бақ сынасты. Сондай-ақ, сайысқа қатысушылар дене даярлығынан 100 метр, 3 шақырым қашықтыққа жүгіру және белтемірде тартылу, сонымен қатар саптық даярлық пен Калашников автоматын уақытқа шашып - жинау, оқжатарды оқпен толтыру және Макаров тапаншасынан атыс жаттығуларын орындаудан бәсекеге түсіп бақ сынасты.

Барлық сынақтан мүдірмей өткен байқау-сайыстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 5571 әскери бөлімінің клубында өтті. Сайыс қорытындысы бойынша "Үздік батальон командирі" болып 5571 әскери бөлімінің батальон командирі майор Бағитжан Баламбаев танылса, "Батальонның үздік штаб бастығы" атағын 7552 әскери бөлімі 1 атқыштар батальонының штаб бастығы капитан Кирилл Полянский жеңіп алды. Ал "Үздік тәрбиеші" атағына 3650 әскери бөлімі 2 арнайы комендатурасы комендантының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Ерік Дүйсебаев қол жеткізді.

"Бұл офицерлер батальон және рота буынындағы әскери қызметшілерге үлгі болар тұлғалар. Олар бүгін үздіктердің үздіктері атанды. Мемлекетіміздің іргетасының берік болып қалануына өз үлестерін қосып келе жатқан бұндай сардарлар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өздерінің Отанына деген адалдықтарын танытты. Қазақстан Тәуелсіздігімен қатарлас Ұлттық ұлан әскерінің де 25 жылдығы қарсаңында сардарлардың үлкен жетістіктерге жетіп, үздіктердің қатарына енгені мен үшін үлкен қуаныш, әрі мәртебе"! - деп "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Әлібек Серәлиев үздік сардарларға алғысын жаудырды.

Айта кетейік, байқау-конкурстың 2 кезеңі бойынша үздік атанған сардарлар алдағы уақытта Астана қаласындағы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында өтетін республикалық сайыста "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети