Ұлттық компанияның қызметкері сүйіктісін зәре-құтын қалдырмай алдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық компанияның қызметкері сүйіктісін зәре-құтын қалдырмай алдады Ролик кадры

Желіде жігіттің өз сүйіктісіне ерекше жолмен ұсыныс жасағаны түсірілген видео кең тарап жатыр. Видео үрейлі фильмдердің желісімен түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews TV.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде жігіттің өз сүйіктісіне ерекше жолмен ұсыныс жасағаны түсірілген видео кең тарап жатыр. Видео үрейлі фильмдердің желісімен түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews TV.

Видеодағы жастар "ҚазТрансГаз" АҚ қызметкерлері екен. Кадрлардан бастапқыда ер адамның жапан далада адасып кеткені, кейін тар жол бойында ақ жамылған адамдардың атып шыққанын көруге болады. Осы уақытта қыз зәре-құты қалмай шошып, жыларман күйге түседі. Алайда жігіт көлігінен түсіп, ақ киімді адамдарға қарай жақындайды. Осы уақытта оларға қарсы гүл шоқтарын ұстаған адамдар шығып, құттықтай бастайды. Шошып қалған қыз соңында жігіттің ұсынысына келісім береді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети