Улы жылан бағдарлама жүргізушіні шағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Улы жылан бағдарлама жүргізушіні шағып өлтірді Сурет abcnews.go.com сайтынан алынған

"Американың Кентукки штатында National Geographic телебағдарламасында улы жыландармен жұмыс істейтін тележүргізуші соның бірі шағып алуы салдарынан қайтыс болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап Оқиға Миддлсборо қаласындағы шіркеулердің бірінде орын алды. Snake Salvation телебағдарламасына улы жыландарман бірге түсіп жатқан шіркеу қызметшісі Джейми Кутс соның бірінің құрбанына айналды. Дәрігерлер мен полиция қызметкерлері Джейми Кутсті үйінен тапқан, алайда ол ауруханаға барудан бас тартқан. Бір сағаттардан кейін қайта келген дәрігерлер жәбірленушінің қайтыс болғанын анықтайды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Кутс Full Gospel Tabernacle in Jesus Name шіркеуінде елуліктің ізбасары және шіркеу қызметкері болған. Ол өзінің серіктесі Эндрю Хэмблинмен бірге Snake Salvation бағдарламасында өздерінің діни нанымдарына орай улы жыландардың көмегімен құдайға құлшылық ету рәсімін өткізген. Кутс пен Хэмблиннің нанымы бойынша, егер адам Аллаға сенсе, онда улы жыланның шаққанынан өлмеуі тиіс.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети