Ұлыбританиялық ақсақал 81 жасында әйелге айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық ақсақал 81 жасында әйелге айналды Джеймс Роуз. ©Sunday People

Ұлыбританияда үш баланың әкесі, төрт немеренің атасы Джеймс Роуз жынысын ауыстырған ең егде ағылшын атанды. Ол 81 жасында хирургиялық операция жасатты, - деп жазады Sunday People. Енді Джеймс ақсақал Рут атты әйелге айналды.

Төрт жыл бұрын Джеймс кескіні мен мүсінін әйелге ұқсату үшін гормондық препараттарды қолдана бастады, ал осы жылдың шілде айында еркектік жыныс органдарын алдыртып тастады.

Джеймстің айтуынша, ол әрқашан өзін "бөтен денеде сезінген". "Әйелім болған кезде мен жартылай өмір сүрдім: сыртым ер адам болғанмен, ішім әйел еді. 42 жасымда бойымда тамаша әйел заты жасырынып жатты, бірақ мен әйеліме өз сезімдерім туралы білдірмеуге тырыстым", - дейді қария.

Операциядан соң қарт трансгендер қоғам мүшелерінің жаппай сынына ұшырады. Бірақ Рут, өзі айтпақшы, "нағыз ханымға" айналғанына әсте өкінбейді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети