19 ақпан 2021 12:26

Ұлыбританиялық БАҚ Нұр-Сұлтанда кранмен үй төбесіне көтерілген сиыр туралы жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірқатар ұлыбританиялық БАҚ Нұр-Сұлтанда салынып жатқан үй төбесіне құрылыс кранымен көтерілген сиыр туралы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бірқатар ұлыбританиялық БАҚ Нұр-Сұлтанда салынып жатқан үй төбесіне құрылыс кранымен көтерілген сиыр туралы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Нәжімеденов көшесінде белгісіз біреулер жануардың аяғын төбеге қаратып, салынып жатқан үйдің жоғарғы жағына кранмен көтергені хабрланған еді. Қарама-қарсы үйдегі куәгер түсірген видео әлеуметтік желілерде таралып, оқырмандар наразылығын тудырды.

Бұл оқиғаны бірнеше ұлыбританиялық БАҚ жариялады. Daily Mail және English Headline бұл әрекетті "Борат-2" фильміндегі көрініспен салыстырды. Daily Mail басылымындағы мақала авторы салынып жатқан нысан бастығы Олжас Есеналин жақсы қызметкерлері болмағаннан құрбандық шалу рәсімін өткізуді ұйғарған деп әзілдеген.

"Білікті тас қалаушы табу қиындық тудырған. Ондай жағдайда тек Құдайға сенуге болады", - деп жазды автор.

Tech Gate порталы құрылыс бригадасы бұл істі жақсы ниетпен жасағанын жазды. Басылым құрылысшылар малды сойып, етін кедейлерге тарату үшін құрбан шалғанын айтты.

Айта кетейік, оқиға 15 ақпанда сағат 11.30-да Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан үйде болған. Ауыл шаруашылығы министрлігі сиырды үй төбесіне көтерген құрылысшыларды малды сою кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамағаны үшін жазалауы мүмкін деп хабарланды.

Министрлік АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің инспекторлары желіде бейнежазба пайда болғаннан кейін 16 ақпанда оқиға орнына барған. Нысан басшысы қылмыстық іс қозғап, одан әрі талқылау жұмысын жүргізу үшін Алматы ауданы полициясына жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі заңбұзушыларға әкімшілік шара қолданатынын айтты.

Қазақстандық оқырмандар наразылығынан кейін салынып жатқан нысан бастығы олардың ниеті түзу болғанын мәлімдеп, осы оқиға үшін кешірім сұрады. Нұр-Сұлтан полициясы ер адамның кешірім сұраған видеосын жариялады.

"Ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу" 406-бабы бойынша Санкция жеке тұлғаларға 20 АЕК-ке (58 340 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 200 АЕК-ке (538 400 теңге) дейін айыппұл салуды көздейді.

"Оқиғаға қатысқандардың бәрі анықталды. Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп түсіндірді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети