08 тамыз 2018 09:09

Үрей туғызатын Момо жайлы жұмбақтың шешімі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Момо есімді монтаждалған қыздың суретіне қатысты түрлі алып-қашпа әңгіме тарап жатыр. Онымен WhatsApp арқылы сөйлесуге болады. Ол өзімен сөйлескен адамға қатысты кез келген мәліметті біліп алатын көрінеді, - деп хабарлайды MediaLeaks.


Желіде Момо есімді монтаждалған қыздың суретіне қатысты түрлі алып-қашпа әңгіме тарап жатыр. Онымен WhatsApp арқылы сөйлесуге болады. Ол өзімен сөйлескен адамға қатысты кез келген мәліметті біліп алатын көрінеді, - деп хабарлайды MediaLeaks.

Ал кейбір елдерде Момо қауіпті хакерлік қатер делініп, онымен күрес жолдары да қарастырылып жатыр екен. Себебі ол бұрындары елду шулатып, балалардың өліміне әкеп соққан Көк кит ойынына ұқсас делінді. Момо туралы алып-қашпа әңгімелер бастапқыда испан интернетінде пайда болған. Оның шарты былай: адамның үрейін туғызатын қыздың суреті бар қолданушыны WhatsApp желісінде тауып алып, оған өз тіліңізде хабарлама жазу керек. Ол өз кезегінде сіздің тілде жауап беріп, артынша түрлі қорқынышты тапсырмалар бере бастайды. Момо туралы қауесеттер шілде айының ортасында Reddit есімді қолданушының сурет салғанынан кейін тарай бастаған. 

Сөйтсек, Момо образы 2016 жылы жасалып қойыпты. Бұл мүсінді арнайы эффектілер жасаумен айналысатын Link Factory жапон компаниясы дайындапты. Ол тұңғыш рет 2016 жылдың 17-27 тамызы аралығында өткен Vanilla Gallery көрмесінде көрсетіліпті. Бұл мүсіннің атауы - "Құс әйел" және қытай мен жапон мифологиясынан шыққан. Мифология желісі бойынша, жүкті кезінде қайтыс болған әйел енді жаңа образда бөтен балаларды қорғап жүреді. Көрмеде түсірілген суреттер образдың аяқ-қолы бар екенін аңғаруға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети