Үш жасар алматылық Instagram жұлдызына айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш жасар алматылық Instagram жұлдызына айналды Ілияс Саятұлы

Үш жасар алматылық Ілияс Саятұлы Instagram жұлдызына айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш жасар алматылық Ілияс Саятұлы Instagram жұлдызына айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі баланың ата-анасы жүргізетін параққа 11 мыңнан астам оқырман тіркелді. Әрбір жаңа пост бірден қыруар лайк жинап, үздіктер қатарына қосылып жатыр. Қысқа бейнероликтерде бала әртістерге қосылып, танымал әндерді айтады, билейді. Кейбір жазбаларда сахнада тұрғандай кейіп танытады. Жазылушылар бүлдіршіннің шетел тіліндегі әндердің ырғағын қалайша жаттап алғанына таңғалады. Ата-анасының айтуынша, Ілиястың есте сақтау қабілеті жақсы, сол себепті ырғақтарды бірден іліп әкетеді. 

Баланың әкесі - Саят мәдениет саласында жұмыс істейді, анасы - Мәриям Думанова - SuperStar.kz байқауының соңғы маусымының финалисі және X-Factor жобасының жартылай финалисі. Ілиястың Instagram-дағы бейнежазбаларын #ильясикзвездаинтернета хештэгінің көмегімен тауып алуға болады.

 

Instagram-да балалардың атына ашылған аккаунттар танымал бола бастады. Мысалы, төрт жасар Райкер Виксом сондай аккаунттың арқасында ең сәнқой бала атанды. Оның ата-анасы баланың атақты жұлдыздардың стиліне сай келетін fashion-бейнелерін жариялап тұрады.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети