16 тамыз 2016 12:45

Усейн Болттың жүгіру кезінде камераға қарап күлгені мемге айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Getty Images © Getty Images

Әлеуметтік желі қолданушылары ямайкалық спринтер Усейн Болттың күлкісін мемге айналдырды, - деп хабарлайды Lenta.ru


Әлеуметтік желі қолданушылары ямайкалық спринтер Усейн Болттың күлкісін мемге айналдырды, - деп хабарлайды Lenta.ru

Ғаламторда қолдаунышалардың талқысына түскен сурет пайда болды, онда жүз метр қашықтықта қарсыластарынан басып озып, камераға қарап күліп бара жатқан спортшы бейнеленген. Time порталының хабарлауынша, суретті Рио-де-Жанейро қаласында фотограф Кэмерон Спенсер түсіріп алыпты.

Twitter желісінің қолданушылары Болттың өз жеңісіне деген сенімділігіне таңғалысын жасырмады. "Бұл адамның жүйрік болғаны соншалықты, ол мәреге жақындаған сәтте тоқтап, суретке түсуге уақыты бар", - деп жазған @jchaltiwanger.

"100 метр қашықтыққа жүгіріп бара жатып, Facebook желісіне жаңа сурет қою есіңе түскенде", - әзілге айналдырды @IHLaking.

@highlandertk28 нигімен тіркелген қолданушы Болтты Суперменмен, Соник кірпісімен және бірнеше аса қатты жылдамдығымен танылған ойдан құрастырылған кейіпкерлермен салыстырған.

Қолданушылар суреттің сипаттамасында әр түрлі жазбалар қалдырған.

@_BizBaz нигімен тіркелген қолданушы Болттың жылдамдығын тамаққа асыққандығымен салыстырды. "мәслихат залында тегін пицца таратып жатыр деген кезде", - деп жазған суреттің астына.

"Баланың әкесі сен емес екеніңді білген кезде", - деп әзілдейді @DamienPatrick.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети