АҚШ-та темір жол саласында жұмыс істейтін инженер Кенни Данн үш жыл бұрын мүлде алкогольден бас тартуға шешім қабылдаған. Осы уақыт бойы ер адам өзінің қалай өзгергені туралы селфи түсіріп келген, - деп хабарлайды Medialeaks.
АҚШ-та темір жол саласында жұмыс істейтін инженер Кенни Данн үш жыл бұрын мүлде алкогольден бас тартуға шешім қабылдаған. Осы уақыт бойы ер адам өзінің қалай өзгергені туралы селфи түсіріп келген, - деп хабарлайды Medialeaks.
37 жастағы америкалықтың айтуынша, ол колледжде оқып жүргенде ішімдік ішуді бастаған. Алайда нағыз проблема он жыл бұрын басталған. Ол ішкен кезде өзін тоқтата алмайтындай халге жеткен.
Кенни бұрындары да ішімдікті қойған, алайда бірнеше күн, апта не ай өтткен соң қайтадан алкогольге оралатын. "2016 жылдары мен қатты ішетін болдым. Тәулігіне 12-ден 24 бөтелкеге дейін ішетін халге жеттім, аптасына 3-4 рет ес білместей етіп ішетінды шығардым. Мен мұның проблема екенін білетінмін, алайда шешу жолын білмедім", - дейді ер адам.
Ол бір жыл бұрын ішімдікті тастаған құрбысына қоңырау шалып көмек сұраған, келесі күні олар "аноним ішімдікқұмарлар" кездесуіне барған.
Басында ешкім сенбеген. Бірінші суретті ол бір тәуліктен соң түсірген. 2017 жылы қарашада бір жыл алкогольсіз өмір сүрген, Кенни суреттерін туыстарына көрсеткен. Бір жыл өткен соң ол екі жылдық өзгерісті көрсеткен.
Reddit сайтында оның жазбасы 65 мың лайк жинаған, ал пікір қалдырушылар оның мұндай жетістікке қалай жеткенін сұрады.
2019 жылы 2 қарашада Кенни үш жыл бұрын түсірілген суретімен қазіргісін салыстыруды ұсынды.
Оның айтуынша, бойы 175 сантиметр салмағы 112 келі болған. Қазір ішімдік ішпегелі үш жыл болғанда 35 келі тастап, қазір оның салмағы 77,5 келі. Ол өзінің 37 жасында жас кезіне қарағанда қазір едәуір өзін жас сезінетінін айтады.