Санкт-Петербургтен Мәскеуге бағыт алған ұшақтың бортында қыз бен жігіт жолаушылардың көзінше жыныстық қатынасқа түскен, - деп хабарлайды Лайф.
Санкт-Петербургтен Мәскеуге бағыт алған ұшақтың бортында қыз бен жігіт жолаушылардың көзінше жыныстық қатынасқа түскен, - деп хабарлайды Лайф.
Басылымның мәліметінше, оқиға бесінші ақпанда жолаушылар лайнерінде болған. Видеодан ер адамның ұялы телефон камерасына жыныстық қатынас әрекетін түсіргенін көруге болады. Басылым тілшілері жыныстық қатынасқа түскен ер адамның Мәскеудің 29 жастағы тұрғыны екенін анықтапты. Ол секс-инструктор болып жұмыс істейді екен.
Ескерту! Видеода интим кадрлар бар.
Ал қыз Үфінің 24 жастағы тұрғыны болып шыққан. "Ол интернатурада "Дерматовенерология" мамандығы бойынша білім алып жатыр", - деп жазады басылым. Қыз пикап-сабағының қатысушысы екен.
Ал оларды видеоға түсірген адам - 25 жастағы Андрей есімді жолаушы. Ол да пикап бойынша шеберлік сабағына қатысқан екен.
Видеоны көрген Желі қолданушылары жұптың бұл әрекетін бірыңғай айыптап жатыр. "Бұл жануарларды ұшаққа кім кіргізген?", "Малдардың деңгейіне түскен. Қайда болса, сонда қатынасқа түседі" деп пікір білдіріп жатыр қолданушылар.