21 шілде 2018 | 16:09

Ұятты жерінен ұстаған клиентке "жауап берген" қыз Интернет жұлдызына айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© CCTV © CCTV

Джорджия штатындағы (АҚШ) Саванна қаласында орналасқан барлардың бірінде болған оқиға бүкіл әлемдегі ағылшын тіліндегі БАҚ-та таралды.


Иконка комментария блок соц сети

Джорджия штатындағы (АҚШ) Саванна қаласында орналасқан барлардың бірінде болған оқиға бүкіл әлемдегі ағылшын тіліндегі БАҚ-та таралды.

Fox News телеарнасының хабарлауынша, барда жұмыс істейтін 21 жастағы Эмелия Холден ұятты жерінен ұстаған клиентке жауап берген. Даяшы қыз ер адамды жұлқып, еденге құлатқан. Қыз оны ұстап тұрғанда оның әріптестері полиция шақыртты.

Оқиға камераға түсіп қалды. Жазбаны қайта көріп шыққан соң ер адам қамауға алынып, озбырлық жасады деген айыппен полиция бөлімшесіне жеткізілді. 

Холден бүкіл әлемдегі әйелдерді өз құқықтары мен абыройын сақтауға шақырды. "Сізде қалаған киімді кию құқығы мен өзіңді қорғау құқығы бар", - деді қыз.

Қызға тиіскен Райан Червинскидің Флорида штатынан екені анықталды - ол бірнеше күнге қамалды. Ер адамның әйелі мен екі баласы бар көрінеді.

Әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі қыздың әрекетін құптады. "Келуші сазайын тартты", - деп жазды көпшілік.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети