YouTube желісінде екі иттің қатысуымен болған қызықты оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды "Газета.Ru". Иттердің біреуі үйде ылаң салған иттің әрекетін ұстап береді.
YouTube желісінде екі иттің қатысуымен болған қызықты оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды "Газета.Ru". Иттердің біреуі үйде ылаң салған иттің әрекетін ұстап береді.
Видео осы уақыттың өзінде сегіз миллион рет қаралып, 24 мың "ұнату" жинаған. Роликтің басында үй иесі екі иттің біреуі әжетхана қағазын бөлшектеп, шашып тастағанын айтады. Басында ол қағазға оратылған иттен мұның кімнің жасағанын сұрайды, ал ол ит кінәлі көзқараспен төмен қарай басын салбыратады. Сосын әйел адам үлкенірек иттен сұрайды, ит осы кезде көп ойланбай алдыңғы аяғымен екінші итті нұсқайды.
Бұзақылық жасаған ит өз кінәсін мойындағандай басын төмен салбыратады. Роликтің авторы күнделікті өмірде иттердің - нағыз дос екендігін айтады.