11 мамыр 2018 | 15:04

"Ұзақ қарап, алғыс білдіргендей". Құлынды құтқарған қарағандылық желіні тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағанды тұрғыны Уәли Қалимов әлеуметтік желіде жұрттың алғысына бөленді. Жігіттің судан шыға алмай қалған құлынды құтқарған сәтін ағасы видеоға түсіріп алған. Instagram желісінде жарияланған бұл видео жылдам таралып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды тұрғыны Уәли Қалимов әлеуметтік желіде жұрттың алғысына бөленді. Жігіттің судан шыға алмай қалған құлынды құтқарған сәтін ағасы видеоға түсіріп алған. Instagram желісінде жарияланған бұл видео жылдам таралып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жігіттің өзі видеоның 9 мамырда Шет ауданының Ағадыр ауылында түсірілгенін айтады. Видеода еріген қар суы ағып, бірнеше шақырымға созылып жатқанын көруге болады. Құлын осы суға түсіп кетіп, енесі қасында кісінеп жүрген. Басында бие бөгде адамды құлынға жолатқысы келмегендей сыңайда болғанымен, құлынды судан алып шыққанан кейін ер адамға алғыс білдіргендей ұзақ қарайды. 

Ұланның жеңгесі видеоны Instagram желісіне жүктеген. Осыдан кейін ол 25 мыңнан астам рет қаралып, оған 200-дей пікір жазылған. Желі қолданушылары жылқының өзгеше қарауына таңданыс білдіріп, ер адамға алғысын төкті. Ал Ұланның өзі бұл әрекетін ерекше ерлік деп бағаламайды. 

"Видео 9 мамырда түсірілген. Өзім Шет ауданындағы Ағадыр ауылында туғанмын, қазір қалада тұрамын. Ағам, жеңгем үшеуміз мерекеге Ағадырдағы туыстарға барғанбыз. Қайтар жолда Ағадыр мен Ақсу-Аюлыда табын жылқыны көрдік. Олар судан өткен-ау, ал құлын шыға алмай қалған. Енесі қасында шапқылап жүрді, жәрдем сұрағандай. Өтіп кете алмадық, тоқтадық. Орнымызда болса, кез келген адам солай жасайтын еді. Құлын тым кішкентай екен, әлі ширақ емес. Ол жерде бізден басқа ешкім болмады", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети