21 шілде 2016 | 10:13

Ван Гогтың кесілген құлағы жайлы жұмбақтың шешімі 130 жылдан кейін табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ван Гогтың автопортреті Ван Гогтың автопортреті

Тарихшылар жылдар бойы голландиялық суретші Винсент Ван Гогтың кесілген құлағын кімге бергендігін анықтады, - деп хабарлайды "Газета.Ru".


Иконка комментария блок соц сети

Тарихшылар жылдар бойы голландиялық суретші Винсент Ван Гогтың кесілген құлағын кімге бергендігін анықтады, - деп хабарлайды "Газета.Ru".

The Art Newspaper басылымының жазуы бойынша құлақ бордель қызметкеріне берілген. Тарихшылар әр түрлі пікірде болған, суретшінің кездейсоқ танысы, жезөкше немесе бордель қызметкері алған. Алайда, тарихшы Бернадетт Мерфи өзіне нақты ақпараттың жеткендігін хабарлап, атақты суретшінің құлағын сый ретінде алған қыздың есімін білетіндігін айтқан.

Қыздың есімі Париждегі Пастер Институтындағы жазбаларда қалған. 1888 жылы ол қыз ит қапқан соң емделіп жатқан. Қыз Арль қаласынан келген, кейіннен оған сол қалада құтыруға қарсы жаңа вакцина салынып, аман қалған.

Қыздың емі үшін отбасы шығындануға тура келген, содан кейін ол бордельде жұмыс жасаған. Ол тым жас болғандықтан, жезөкше ретінде тіркеу мүмкіндігі болмай, сол жерде малай болып жұмыс істеген. Психологиялық ауытқулармен ауырған Ван Гог сол кезде кесілген құлағын Габриэль Берлатьеге бергені атап көрсетілген. Берлатье кейінірек тұрмысқа шығып, ұзақ өмір сүрген. Бірақ та Ван Гогпен кездесті деген ақпарат болмаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети