Вашингтонда Наурыз мейрамы тойланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вашингтонда Наурыз мейрамы тойланды © Тengrinews.kz

Вашингтонда Наурыз мерекесіне арналған концерт өтті, - деп хабарлайды "24.kz". БҰҰ-дағы Наурыз мейрамы АҚШ астанасы Вашингтонда жалғасты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вашингтонда Наурыз мерекесіне арналған концерт өтті, - деп хабарлайды "24.kz". БҰҰ-дағы Наурыз мейрамы АҚШ астанасы Вашингтонда жалғасты.

Телеарнаның мәліметінше, мұнда Түрксой ұйымына мүше елдердің тәуелсіздік мерекесіне арналып, Уорнер театрында концерт өтті. Онда 15 елден жиылған 150 әртісті көрермен ыстық ықыласпен қарсы алған.

"Көздің жауын алатын ұлттық киім киген өнерпаздардың шырқаған әні мен мың бұралған биі, қала берді түрлі дәнді дақыл мен тәттілерден дайындалған дастарқан мәзірі мерекенің көрігін қыздырды. Ұлттық аспаптарда шырқалған бауырлас қазақ, қырғыз, түрік, түркімен әндерімен қоса моңғол әндеріне тыңдаушы риза болып қайтты", - деп хабарлады телеарна.

"Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі Бағдад Тілегеновтің айтуынша, Түрксойдың бастамасымен Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Түркия елдерінің музыканттарынан оркестр құрылған.

"Олар бір-бірінің тілін, музыкалық аспаптарын жетік білмегенімен үндестікте тіл табысып, жұмыс істей алды. Әрқайсысы ұлттық аспаптарында жекелей де, оркестр болып та өнерлерін көрсетті", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети