14 мамыр 2014 09:51

Велосипедпен қарсы бағытта жүргені үшін қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алек Болдуин. ©REUTERS Алек Болдуин. ©REUTERS

"Әйгілі голливуд актері Алек Болдуин Нью-Йорк көшесінде белгіленбеген жерде велосипед жүргізгені үшін қамауға алынды" деп хабарлайды Tengrinews.kz NBC телеарнасына сілтеме жасап.


"Әйгілі голливуд актері Алек Болдуин Нью-Йорк көшесінде белгіленбеген жерде велосипед жүргізгені үшін қамауға алынды" деп хабарлайды Tengrinews.kz NBC телеарнасына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органындағы дерек көзінің мәліметіне қарағанда, Алек Болдуин Манхэттенде велосипедпен қарсы бағытта жүрген. Полиция қызметкері оны тоқтатып, оған белгіленбеген жермен жүріп келе жатқанын ескерткен. Алайда әйгілі актер полиция қызметкерімен сөзге келіп, ұрыс-керіске барған.

Еш құжаты болмағандақтан, Алек Болдуинды полиция бөлімшесіне апарады. Ол жерде оған сотқа екі шақыру қағазын берген. Бірі белгіленбеген жерде велосипедпен жүргені үшін, екіншісі - бұзақылығы үшін.

Ал, актер өзінің Twitter парақшасында полиция қызметкерлерінің әрекетін сынға алды. "Нью-Йорк - бұл басқаруға келмейтін, мінез-құлықты криминалдандыратын, бұрын қалыпты деп саналатын, ақылсыздар карнавалы", - дейді актер.

56 жастағы актер Алек Болдуин "Алтын глобус" және "Эмми" сыйлығының иегері. Ол 90-ға тарта фильмге түскен. Олардың қатарында "Менің қорғаушы періштем", "Перл Харбор", "Жасмин", "Гленгарри Глен Росс" фильмдері, "Студия 30" сериалы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети