"ВИА Гра" Ғани Қасымовқа арнап ән салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ВИА Гра" Ғани Қасымовқа арнап ән салды Видеороликтен алынған кадрлар. © gani_kassymov/instagram.com

Ресейдің атақты "ВИА Гра" тобы Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовқа арнап ән салды. Әдемі қыздардың ән салып тұрғаны бейнеленген қысқаша роликті ол өзінің Instagram парақшасына салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Саған заманауи, жақсы, ізгі әнді арнап жатса, әрдайым ғанибет...", - деп жазды Ғани Қасымов. Ролик бірнеше сағатта 760 лайк жинады.

Ғани Қасымовтың өзі шетелде демалыста жүр. Tengrinews.kz тілшісі оған қоңырау шалып, шараның қай жерде болғанын білді. "Иә, бұл Алматыда болды (...) Таяуда. Мен досымның мерейтойына шақырту алдым, сол жерде "ВИА Гра" өнер көрсетті. Ән сұрадық, орындап берді, жақсы қыздар. Мен өзім олардың жанды дауысын бірінші рет естідім. Олардың өнер көрсеткенін және менің қатысуыммен болған сәтті досым видеоға түсіріп, маған салып жіберді", - деді Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети