Виртуал суыр Фил Қазақстанда қыстың ұзаққа созылатынын болжады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виртуал суыр Фил Қазақстанда қыстың ұзаққа созылатынын болжады АҚШ-тың Астанадағы елшілігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасындағы видеоның скриншоты

Виртуал суыр Фил Қазақстанда қыстың ұзаққа созылатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виртуал суыр Фил Қазақстанда қыстың ұзаққа созылатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ-тың Астанадағы елшілігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақ және орыс тілдерінде видео пайда болды. Видеода Фил есімді суыр қазақстандықтарға ауа райын болжап береді. "Сәлем, 2 ақпан күні Америкада Суыр күні атап өтіледі. Ал мен көктемнің қашан күтілетінін болжайтын суырмын. Америка Құрама штаттарының елшілігі Қазақстанда қыстың қашан қайтарын менен сұрайды. Ендеше айтарым, бұл қыс ұзақ болады", - дейді суыр. 

Бүгін, 2 ақпанда АҚШ пен Канадада Суыр күні атап өтіледі. АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Фил әлемдегі басты болжаушы суыр саналады. Дәстүр бойынша, мереке кезінде адамдар оның үйінен шығуына қарап, көктемнің қашан келетінін болжайды. Егер ол көлеңкені көріп, үйіне қайта кіріп кетсе, қыс ұзаққа созылады, ал егер көлеңке болмаса, жануар сыртта қалады, бұл көктемнің ерте шығатынын білдіреді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети