Хирургтер ота жасап жатып, төбелесе кеткен видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хирургтер ота жасап жатып, төбелесе кеткен видео пайда болды видеодан үзінді

Қытайда хирургиялық бригада мүшелерінің арасында науқасқа ота жасалып жатқан кезде болған төбелестің видеосы Интернетте жарияланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда хирургиялық бригада мүшелерінің арасында науқасқа ота жасалып жатқан кезде болған төбелестің видеосы Интернетте жарияланды.

Оқиға 12 мамырда Хэнань провинциясындағы Ланькао уезінде болғанын хабарлады Shanghaiist. Видеода екі дәрігердің арасындағы жанжалдың төбелеске ұласқаны түсірілген. Әйел адам бірінші болып қол жұмсайды, артынша ер адам қарсыласына бірнеше рет соққы жасап, шалып құлатады. Тек осыдан кейін басқа дәрігерлер оларды ажыратады. 

Болжам бойынша, төбелескен екеу жұп көрінеді, - деп жазады Daily Mail. Жанжал хирургтің медбикеге әрекетінің дұрыс еместігін меңзегеннен кейін шыққан, ал әйел адам болса өз ісінің дұрыстығын айтқан.

Осы төбелестің салдарынан ешкім қатты зардап шеккен жоқ. Аурухана басшылығы мен полиция осы істі тексеріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети