Жамалиевтің Lamborgini көлігі Ақтөбеде видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамалиевтің Lamborgini көлігі Ақтөбеде видеоға түсіп қалды © Instagram.com/zello_aktobe

Кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің сатылған көлігін ақтөбелік жаңа иесі жүргізіп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram желісіндегі Zello Aktobe парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің сатылған көлігін ақтөбелік жаңа иесі жүргізіп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram желісіндегі Zello Aktobe парақшасына сілтеме жасап.

"Ламборгини қазір Ақтөбеде, ал осыдан екі күн бұрын ол көлікпен Мәскеуде жүрдік", - делінген белгісіз бір ер адамның Lamborgini тізгінінде отырғаны түсірілген видеода.

Сонымен қатар, пікір айтушылар жүргізушінің ақтөбелік белгілі кәсіпкер екенін айтып отыр. Олар көліктің жергілікті жолдарға арналмағаны туралы да жазып жатыр. Айта кетейік, осыған дейін елордалық кәсіпкер Қайрат Жамалиевке тиесілі Lamborghini көлігін Ақтөбе тұрғыны 30 миллион теңгеге сатып алғаны хабарланған болатын.

Еске салайық, Қайрат Жамалиевтің Lamborghini Gallardo автомобилі 27 сәуірде сатылған еді. Gosreestr.kz сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, көліктің бастапқы құны 237 905 000 теңге болған. Автомобиль 30 451 840 теңгеге сатылды. Көлік 47 581 000 теңгеге бағаланды. Сонымен қатар, департамент өкілдері сатып алушы келісімшартқа қол қойғанға дейін келісімнен бас тарта алатынын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети