Жаңа министр Тоқаевтан эстафетаны қабыл алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа министр Тоқаевтан эстафетаны қабыл алды видеодан үзінді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафетаны қабыл алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан эстафетаны қабыл алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған эстафетаны қабыл алды. Эстафетаның мақсаты - қазақтың ұлы ақынының шығармаларынан үзінді оқу. 

Министр эстафетаны білім және ғылым саласындағы мамандарға, мұғалімдерге, ЖОО ректорларына, сондай-ақ, оқушылар мен студенттерге жолдады. 

Айта кетейік, Тоқаев осы эстафетаны Ләйлім Шырақ есімді қыздан қабыл алып, Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)

Асхат Аймағамбетов 13 маусымда білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Ол Күләш Шәмшидинованы алмастырды. Бұрындары ол Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған еді. Осыған дейін, білім және ғылым министрінің орынбасары қызметін атқарған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети