Жас келіншек сегіз айлық қызын бір жігітке "сыйға тартты"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жас келіншек сегіз айлық қызын бір жігітке "сыйға тартты" ©РИА Новости

Павлодарлық жас келіншек сөз салып жүрген жігітімен бірінші рет кездесуінде оған сегіз айлық қызын қалдырып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция өкілдерінің айтуынша, қыз жігітпен танысып, ол оны кездесуге шақырады. Қыз бірінші кездесуге сегіз айлық сәбиін және оның киімі салынған қап әкеледі.

"Бір сәтте қыз сәбиін көтере тұруды сұрайды. Ер адам келіседі. Ол қызын жігіттің қолына ұстатқан бетте қабын тастай салып, қашып кетті", - деді Павлодар облыстық ІІД баспасқөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова. Ер адам таныс қызының келуін күтпей, полицияға барып тастанды бала туралы айтып берген.

Департамент өкілдері осы дерекке "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Полиция мәліметі бойынша, баласын бөтен адамға тастап кеткен ананың аты-жөні анықталды. Ол - Екібастұз қаласының 19 жастағы тұрғыны. ІІД өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта ол іздестіріліп жатыр. Мағзұмова тастап кеткен ананың аты-жөнін қаптың ішіндегі киімдердің арасында кездейсоқ қалдырылған банк картасының арқасында анықталғанын айтты. Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта сәби балалар орталық ауруханасында. Оны дәрігерлер қарап, денсаулығына еш зиян келмегенін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети