Жас жұбайлар үйлену тойының сыйлығын ашып, жарылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жас жұбайлар үйлену тойының сыйлығын ашып, жарылып кетті © Dar Yasin / AP Photo

Үндістанның Одиша штатында жас жұбайларға бомба сыйға тартылған, деп хабарлады Lenta.ru порталы NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанның Одиша штатында жас жұбайларға бомба сыйға тартылған, деп хабарлады Lenta.ru порталы NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, бомба үйлену тойына арналған сыйлықтардың бірінде болған.

"Жас жұбайлар ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Кейін ер адам қайтыс болды, ал әйелі жансақтау бөлімінде қалды. Сонымен қатар, ер адамның әжесі жарылыс болған жерде көз жұмды", - делінген жарияланымда.

Жарылыс үйлену тойынан кейін бірнеше күн өткенде болған. Жас жұбайлар үйлену тойында сыйға тартылған сыйлықтарды ашып, көрмекші болыпты. Олардың бірі ер адамның қолында жарылып кеткен.

Полиция бомбаның неден жасалғанын және оны кімнің әкелгенін анықтап жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети