Жемқорлықпен күрес балабақшадан басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жемқорлықпен күрес балабақшадан басталады © Нұрғиса Елеубеков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі облыстық комиссияның отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бұл дертпен күресуді балабақша мен мектептен бастау қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аймақ басшысы сыбайлас жемқорлық үлкен әлеуметтік қасірет екендігін тілге тиек етті. Өңір басшысы бұл жұмыстардың аздық ететіндігін ескертті. "Күрес жұмыстарын балабақша, мектептерден бастау қажет. Барлық мекемелерге арыз-шағым жәшігі орнатылып, сенім телефондары жұмыс жасау керек. Білім саласына бөлінетін қаржы еселеніп өсіп жатыр. Мектеп формасын бірыңғайлау қажет. Бір сыныпта әртүрлі жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылардың балалары оқиды. Қатарынан қалмасын деген ниетпен көпшілігі көршісінен қарыз алса да балаларына киім алып береді. Бұл дұрыс емес. Бірыңғай форма болса, оқушылар сән қумаған болар еді. Сондықтан жұмысты дұрыс үйлестіріңіздер" деді облыс әкімі құзырлы орын басшыларына. Аймақ басшысы қорытынды сөзінде мемлекеттік органдардың жұмысы ашық, жария болуы тиістігін атап көрсетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети