Жолбарыс пен аюдың айқасы түсірілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жолбарыс пен аюдың айқасы түсірілген видео жарияланды

Үндістанның Махараштра штатындағы Тадоба ұлттық паркінде жабайы табиғаттың ерекше бір сәтін түсіру мүмкіндігі пайда болды. Қорыққа келушілер бенгалиялық жолбарыс пен салпыерін аюдың айқасқан сәтін видеоға түсіріп алды. 

Куәгерлердің айтуынша, жолбарыс өз аумағындағы су ішуге келген баласымен жүрген аюға тап берген. Ала жыртқыш аюды жерге құлатып, тамағынан тістемекші болған. Алайда аюдың терісі қалың болып, жолбарыстың тісі батпаған. 

Ұзақ уақыт бойы арпалысқаннан кейін аю сытылып шықты. Өз баласын қорғап қана қоймай, ол шабуылдауға көшті. Видеоның соңында жолбарыстың артқа шегінгенін көруге болады. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети