Жүкті әйелді дарға асуға үкім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүкті әйелді дарға асуға үкім шығарды Мериам Яхья Ибрагим Исхаг. Сурет bbc.com сайтынан алынған

"Халқының басым көпшілігі ислам дінін, шариғат заңдарын қатаң ұстанатын Судан елінде сот жүктіліктің тоғызыншы айындағы әйелді дарға асуға үкім шығарды. Мұндай қатыгез үкімді сот әйел христиан дініндегі азаматқа тұрмысқа шығып, христиан дінін қабылдағаны үшін шығарған" деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC News ақпарат құралына сілтеме жасап.

Сот барысында судья, "Сізге ойлануға үш күн уақыт бердік, алайда айтқаныңыздан қайтпай, исламға қайтудан бас тарттыңыз. Мен сізді дарға асуға үкім шығарамын" деген. Жергілікті ақпарат құралының хабарлауынша, Мериам Яхья Ибрагим Исхагке қатысты шыққан үкім бала туылып, екі жасқа толғаннан кейін орындалады.

Одан өзге, сот ислам дінінен бас тартқан әйелге қамшымен 100 дүре соғу үкімін шығарған. Оның христианмен некесін заңсыз деп таныған.

Батыстық дипломаттар мен құқық қорғаушылар Судан елінен әйелді шұғыл бостандыққа шығаруды талап етті. "Amnesty International" ұйымы діни нанымына қатысты сотталған Мериамды ардың тұтқыны деп есептейді және оның ешбір шарттсыз бостандыққа шығарылуын талап етеді" деп мәлімдеді ұйымның Судандағы өкілі Манар Идрисс.

Ал сотталушы әйел өзінің христиан екенін, ешқашан өз дінінен безінбейтінін айтады. Құқық қорғаушылардың айтуына қарағанда, Мериам христиан отбасында христиан-ананың тәрбиесін алған. Өйткені, оның мұсылман әкесі жас кезінде тастап кеткен. 2013 жылдың тамызында әйелге "зинақор" деген айып тағылып, тұтқындалған болатын. Ал 2014 жылдың ақпанында сот қосымша "құдайдан безді" деген айып таққан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети