"Жұмысқа жаяу барамын". Сұлтанов Исекешевтің идеясын қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жұмысқа жаяу барамын". Сұлтанов Исекешевтің идеясын қолдады

Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен бұрын жұмысқа жаяу баратынмын (оң жағалаудағы Қаржы министрлігінің ғимаратына - автор.). Қазір жұмысыма жақын тұрғандықтан жаяу барамын. Жол-жөнекей не болып жатқанын қараймын, тапсырмалар да беремін. Ал жұмыс барысында таксимен жүремін", - деді Сұлтанов.

"Бұрынғы әкімнің идеяларын тоқтатпау керек. Оны жалғастыру керек. Осындай идеяларды жалғастырып, одан әрі дамыту керек", - дейді әкім.

Еске сала кетейік, биыл тамыз айында бұрынғы әкім Әсет Исекешевтің қызметтік көліктен бас тартып, бизнес-класс санатындағы таксиге ауысатыны жайлы хабарланған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course down  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети