Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

111 жастағы қария ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

10 Маусым 2015, 16:35
1
© Wallace, Daniel / St. Petersburg Times / Zuma / Global Look
© Wallace, Daniel / St. Petersburg Times / Zuma / Global Look

111 жастағы ұлыбританиялық ұзақ жасаудың бір құпиясы ретінде виски ішуді атады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ағылшын Назар Сингх (Nazar Singh) Ұлыбританияның ең егде жастағы тұрғыны болып есептеледі. The Daily Mirror басылымының мәліметінше, ер адам 111-ші туған күнін атап өту кезінде бір саптыаяқ сыра мен бір бокал виски ішкен. Сингх ұзақ өмір сүрудің құпиясы көп ұйықтау мен, салауатты өмір салтын сақтауда және виски ішуде деп атады.

Сингхтың ұлы Чеин Сингх Гиллдің (Chain Singh Gill) айтуынша, оның әкесі күніне 10 сағат ұйықтайды, сүт пен бадам майын ішкенді ұнатады және жеміс-жидекті көп жейді. Назар Сингх 111 жылдың ішінде бірде-бір рет операция жасатпаған, тіпті тістерінің бірнешеуі өзінікі, әлі күнге түспеген, құлағы да жақсы естиді.

Айта кетейік, Назар Сингх 1904 жылы 8 маусымда Үндістанның кішігірім ауылында дүниеге келген. 1932 жылы ер адам Үндістанның дәстүрі бойынша некеге келісіммен отырған. Көрші ауылдың Нарайан Каур (Narajan Kaur) есімді қызы оған 9 перзент сыйлапты. Әйелі 90 жасқа келіп, осыдан 12 жыл бұрын көз жұмған. Сингхтың 9 баласынан 34 немере, 64 шөбересі бар.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай