05 наурыз 2015 17:49

30 әйелдің портреті Астана көшелеріне ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Астана әкімдігінің баспасөз қызметі ©Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

30 арудың суреті Астананың сәнін келтіретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.  


30 арудың суреті Астананың сәнін келтіретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.  

"Әйелдердің халықаралық күні қарсаңында Астана әкімдігі Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығымен бірлесе отырып, "Астана созидательная - жасампаз Астана" жобасын іске асырады. Жобаның мақсаты - астаналық әйелдердің ролін атап өту, Астананың дамуындағы олардың еңбектерін атап өту. 30 арудың суреті - соғысқа қатысқандар, көпбалалы аналар және жұмысшы мамандықтарындағы әйелдердің портреті Астана қаласының билбордтарына ілінді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Мәселен, қала көшелерін соғыс ардагері Зоя Павловна Лащенованың, көпбалалы ана Әсем Мамаеваның, аспаз Светлана Оленбургердің, краншы Динара Қуандықованың, абаттандырушы Ольга Тайгунованың, автобус жүргізушісі Людмила Михеенкованың, жол полициясы қызметкері Индира Нұрсағатованың және тағы басқа іскер әйелдердің суреттері әрлей түсті. 

"Фотоаппарат объективінің призмасынан өткен жобада елорда тұрғындары Астананың игілігі үшін еңбек етіп жатқан түрлі мамандық иелерінің күнделікті өмірінің сәттерін көре алады", - делінген хабарламада. 

Әкімдіктің мәліметінше, жоба аясында 7 наурызда "Қазақстан" орталық концерт залында осы аттас фотокөрме өтеді. "Көрменің кейіпкерлері - өмір үлгісімен шабыт беретін сүйікті аналар, қыздар, әйелдер. Олардың суреттері Астана тұрғындарына арналған мерекелік ашықхаттарда да болады", - деді әкімдік өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети