05 наурыз 2016 11:56

National Geographic ХҒС экипажының Қазақстанға қонғаны жайлы репортаж жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© National Geographic © National Geographic

National Geographic ХҒС экипажы мінген "Союз" капсуласының Қазақстанға қонғаны жайлы репортаж жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


National Geographic ХҒС экипажы мінген "Союз" капсуласының Қазақстанға қонғаны жайлы репортаж жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америкалық фотограф Филипп Толедано аппараттың қонған жеріне барды. Бұл жер Қарағанды облысындағы Жезқазғаннан 147 шақырым қашықтықта. Өз репортажында Толедано өз әсерін бөліседі. Айта кетейік, капсула ішінде миссия қатысушылары Скотт Келли, Михаил Корниенко, сонымен қатар Сергей Волков болды. 

Фототілші өз саяхатының Мәскеуде басталғанын, ол жақтан Қарағандыға жол тартқанын айтып берді. Кейін көлікпен 500 шақырым далалық жерді, кейін 80 шақырым жерді қарда жүретін көлікпен жүріп өткен. 

"Сапарымыз оқиғасыз өтті (жол бойынла 90-жылдардағы хиттерді тыңдағанымызды есепке алмағанда). Бірінші күні екі бөтелке вискимен бітті. Ауа райы бізге қарсы шықты: қар жамылған адырлар, екінші күні ол лай батпаққа анйалды", - деп жазды фотограф. 

Капсула таңғы 10.20-да қонды. "Таңғы 9-да біздің көлігіміз лайда тұрып қалды. Біз 20 минутымызды жоғалттық. Б жоспарына өтіп, қар үстінде жүретін көлікке отырдық. Кенет далалық жерде жарыса кеттік, сөйтіп команданы іздедік", - деді Толедано.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети