Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Адамның ғарышта қалай жылайтыны белгілі болды

25 Қаңтар 2015, 21:28
0
©Infoniac.ru
©Infoniac.ru

Канада ғарыш агенттігінің астронавты Крис Хэдфилд адамдардың ғарыштағы тіршілік ету салтымен таныстырды. Оның видеосын түрлі қызықты роликтерді орыс тіліне аударумен айналысатын Vertdider.com ресурсы тәржімалап берді. 

Видеода "Адамдар ғарышта қалай жылайды" деп аталатын видеода Хэдфилд ғарышкерлерің көзі жасы қалай шығатынын көрсетіп, әңгімелеп береді. Оның айтуынша, салмақсыздықта адамның көз жасы әдеттегідей жерге ағып түспейді. "Көз жасы ақпайды, ол көзден шыққан кезде сол шыққан жерде тұра береді, осылайша қанша жас аққанын көре алатын боласыз", - дейді астронавт. 

Хэдфилд, сонымен қатар, ғарышкерлердің басқа да тұрмыстық мәселелері туралы айтып берді. "Ғарышкерлер ғарышта қалай ұйықтайды?" деп аталатын видеода ол адамдардың арнайы ұйықтау камераларында, қабырғаға ілінген ұйықтау қабының ішінде демалатынын түсіндіреді.

"Жастықтың қажеті жоқ, тіпті басты да ұстап тұрмау керек. Сондықтан дененің әр бұлшықетін босаң ұстау керек, қолды бос қойса, олар алдыңызға жайылады, ал бас алда болады", - деді астронавт.

Видеоларды толығырақ мына жерден көруге болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай