Ақорда Әнұран мәтініне Назарбаевтың түзетулер енгізгені көрсетілген суретті жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда Әнұран мәтініне Назарбаевтың түзетулер енгізгені көрсетілген суретті жариялады

Ақорда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Мемлекеттік рәміздерінің жобасын талқылау сәтінде түсірілген суреттерді және салтанатты шарада сөйлеген сөзін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Мемлекеттік рәміздерінің жобасын талқылау сәтінде түсірілген суреттерді және салтанатты шарада сөйлеген сөзін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Қазақстанда бүгін, 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіліп жатыр.

"Ардақты ағайын!

Бүгінде өз тағдырын өзі айқындаған қазақ ұлтының жас егеменді мемлекеті, Қазақстанның бүкіл халқы мен экономикасы жаңаша жағдайда тұр. Қазіргідей алмағайып заманда, күрмеуі көп күрделі дүниеде ешкімге есемізді жібермеу үшін, өз сыбағамыз өзімізге бұйыруы үшін бізге ерекше ауызбірлік керек, ерекше жауапкершілік керек, ерекше парасаттылық керек, ерекше еңбекқорлық керек.
Міне, жаңарған Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны бар ел болдық. Бүгінгі салтанатта тек жаңа мемлекеттік нышардарды елге жария ету рәсімі ретінде қарамасақ деймін. Жалауымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз біздің халқымызды, көп ұлтты Қазақстан жұртшылығын ортақ мақсатқа жұмылдырып, қасиетті істерге шақырып, жігерлендіріп, рухтандырып тұрса деймін.

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Жалауын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.
Қуанышымыз құтты болсын!

Ұзағынан сүйіндірсін", - деді ол сол уақытта.



Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети