13 наурыз 2015 | 12:05

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қымыз бен шұбат ішуге шақырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews иллюстрациясы ©Tengrinews иллюстрациясы

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қымыз бен шұбатты ішуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қымыз бен шұбатты ішуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен министрмен келісемін (Ауыл шаруашылығы - Авт.), Қазақстанда дүкендерге барғанда картон мен пакеттерде "сүт" деп жазылып тұрғанын көрген кезде, оның шын мәнінде табиғи сүт екеніне сенімсіз боламын. Сондықтан шұбат пен қымызды ішемін. Қымыз бен шұбатты бүкіл әлем ішсін, адам ағзасына бұл сусындар өте пайдалы", - деді Крол ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің қазақстандық дүкендердегі жасанды сүт туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдіре отырып.

"Шұбат пен қымыз әлемдегі өнім қауіпсіздігіне, тұрақтылығына өз үлесін қосады. Мен қымыз бен шұбатты жақтаймын", - деп қорытындылады ол өз сөзін Астанадағы конференцияда. Айта кетейік, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне арналған шараны Американың Қазақстандағы сауда палатасы ұйымдастырып отыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстан дүкендерінде сатылатын сүттің сапасы жайында мәлімдеме жасаған еді. "Егер сіз дүкенге кірсеңіз, қайта өңделген сүтті таппайсыз, сатылып жатқан сүт солай аталуы керек. Қазақстанның техникалық регламентінде ұнтақтан өндірілген сүт өңделген сүт деп аталуы тиіс. Бірақ ешбір қапшықта "қайта өңделген сүт" деген жазуды таппайсыз, оның барлығы да "табиғи сүт" деген таңғалдыратын атпен сатылады", - деді Мамытбеков.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети