08 ақпан 2017 | 17:17

Алматы әкімдігі балабақша аумағына көлігімен кіріп кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Алматы қалалық Білім басқармасындағылар балабақша аумағына басып кірген 843 BW 02 мемлекеттік нөмірлі көліктің иесіне қатысты мәліметтерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық Білім басқармасындағылар балабақша аумағына басып кірген 843 BW 02 мемлекеттік нөмірлі көліктің иесіне қатысты мәліметтерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, осыған дейін балалардың ата-анасы журналистерге таңғы уақытта балабақша аумағына баса көктеп кірген қызметтік көлік жайлы хабарлап, оны видеоға түсіріп алғандарын айтқан еді.

"Балабақша қоршауға алынған. Онда көлікпен кіруге тыйым салынған. Бірақ күнделікті 843 BW 02 мемлекеттік нөмірі бар көлік баласын ғимаратқа кіргізу үшін көлікпен есікке дейін баса көктеп кіріп жүреді. Сонымен қатар, ол жолда кедергі болмас үшін балаларын ертіп бара жатқан ата-аналарға дабыл береді. Балабақша басшылығы бұл көліктің шенеунікке тиесілі екенін айтып отыр", - дейді ата-аналар.

Ал Білім басқармасындағылар Tengrinews.kz тілшісіне көлікке қатысты тексеріс жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.

"Біз бұл көліктің кімге тиесілі екенін анықтап жатыр. Күзеттегілермен де сөйлесеміз. Олардың неліктен  көліктің кіруіне рұқсат бергенін анықтаймыз. Хабар келіп түсті, енді біз осы мәселемен айналысып жатырмыз. Бүгін, ертең осы мәселемен айналысамыз", - деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова.

Өз кезегінде № 112 балабақшаның директоры Жазира Бескемпірова көліктің нақты кімге тиесілі екенін білмейтінін, бірақ балабақшаға шенеуніктің баласы келіп жүретінін растады.

"Мен көліктің кімдікі екенін білмеймін. Күзеттегілер ұрысып жатырмын. Біз тек азық-түлік әкелетін көліктерді кіргіземіщ. Басқа ешқандай да көліктер кірмейді. Енді таңертең және кешке есік алдында өзім тұрамын. Кімнің көлігі екенін анықтаймын", - деді Жазира Бескемпірова.

Ал әкімдіктегілер 843 BW 02 нөмірлі көліктің оларға тиесілі емес екенін айтты. Сондай-ақ, аудандық әкімдіктегілер осы дерек бойынша тексеріс жүргізетіндерін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети