20 сәуір 2016 11:00

Алматы облысында жігіт "Вконтактеде" ғашық болып қалған қызын сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Іле аудандық сотына ерекше іс түсті. Іс материалдарына қарағанда, ер адам "ВКонтакте" желісінде бөтен атпен аталып, 20 мың теңгелік гүл шоғын иемденіп алған қызды сотқа берген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Іле аудандық прокуратурасының прокуроры Мұхтар Мыңжасар хабарлады.


Алматы облысының Іле аудандық сотына ерекше іс түсті. Іс материалдарына қарағанда, ер адам "ВКонтакте" желісінде бөтен атпен аталып, 20 мың теңгелік гүл шоғын иемденіп алған қызды сотқа берген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Іле аудандық прокуратурасының прокуроры Мұхтар Мыңжасар хабарлады.

Оның мәліметінше, қыз жігіттің 30 мың теңгесін иемденіп алған. Осылайша қыз әлеуметтік желіде бөтен адамдардың суретін салып, жігітті өзіне ғашық еткен. 

Жәбірленуші жігіт әлеуметтік желіде танысқан қызы жайлы айтты. Оның айтуынша, бастапқыда қарапайым әңгімелесуден басталған қарым-қатынас достыққа ұласады. Ғашық болған жігіт оның өтінішін орындағысы келіп, қыздың атынан оның әпкесіне 20 мың теңге тұратын гүл шоғын сыйлайды және 30 мың теңге қолма-қол ақша береді. Кейін "сыйлықты" ол Жетігенге апарып беріпті. Ал кейін әпкесі деп айтқан адам қыздың өзі болып шығады. 

Жетіген ауылының 23 жастағы тұрғынына ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдік келіп отыр. Айыптау қорытындысына сәйкес, қыз сенімге кіру арқылы әріптестері мен ауылдастарынан ақша алған. Оларға қыз жұмысқа тұрғызамын деп, балабақша ашуға көмектесемін деп уәде берген, сонымен қатар оқудың ақысын төлеймін деп жалған сөз айтқан. 

Жәбірленушілердің бірі тіпті банктен 450 мың теңге кредит алып беріп, алтынын ломбардқа 150 мың теңгеге өткізген. 

"Сотқа дейінгі тергеудің барысында айыпталушының алаяқтықтың бірнеше дерегіне қатысы бары анықталды, олардың салдарынан жалпы шығын 1,5 миллион теңгеден асып түскен. Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, ол 3-7 жыл аралығында мүлкі тәркілене отырып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп хабарлады Мұхтар Мыңжасар.

Айыпталушыға қатысты "келуге міндеттеу" бұлтартпау шарасы таңдалды. Сот процесі алдағы күндерге белгіленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети