Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Алматы облысында полицей пара ретінде ойыншық машина талап еткен

09 Желтоқсан 2015, 10:18
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматы облысында пара ретінде ойыншық машина алған полицей сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Панфилов аудандық соты Алматы облыстық ІІБ әкімшілік полициясы жол патрулінің инспекторы Е.Атамбаевқа қатысты сот үкімін шығарды. Сот полицейдің жүргізушіні көлік басқару құқығынан екі жылға айыру туралы хаттаманы толтырмау үшін құны 35 мың теңге тұратын және пультпен басқарылатын ойыншық машинаны пара ретінде алғанын анықтады.

Сот отырысында полицей кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен Атамбаев айыпты деп танылды. "Оны үш жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу, сонымен қатар, өмір бойы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет ету құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - деп хабарлады соттағылар. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай