Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматыда 19 қыркүйекте "Той Қазан" ұлттық тағамдар фестивалі өтеді

07 Қыркүйек 2015, 10:33
0
© Роза Есенқұлова
© Роза Есенқұлова
© Дмитрий Хегай
© Дмитрий Хегай

Қазақстан халқының ұлттық тағамдары мен дәстүріне арналған екінші "Той қазан" фестивалі 19 қыркүйекте Алматыда Талғар ауданындағы  "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде өткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль сағат 11.00-де басталады.

Ауқымды шараның ұйымдастырушылары Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілін олардың ұлттық тағамдары арқылы біріктіруді мақсат етіп отыр. "Той қазан" - ұлттық жаңа тағамдар әзірлеп, өз асханамызды насихаттап, жаңа идеяларымызбен бөлісе алатын алаң. Фестивальді өткізу - мегаполис тұрғындары мен шетелдік қонақтарға ұлттық тағамдарымызды көрсете алатын мүмкіндік. Жаһандану дәуірінде еліміздің ерекшелігін көрсету өте маңызды", - деді фестиваль идеясының авторы Бекнұр Қисықов.

Айта кетейік, биыл фестиваль қонақтары аспаздық флешмобқа қатыса алады. Ұйымдастырушылар келушілерге ұлттық киіммен келіп, сыйлықтар алуды ұсынды. Алаңда дәстүр бойынша түрлі конкурс, спорттық сайыстар, каскадерлердің шоуы мен басқа да іс-шаралардың ұйымдастырылады. Қонақтар шеберлер ауылына барып, бұйымдардың дайындалуын да көре алады.

"Бүгінде Қазақстанның ұлттық асханасына тек бір этностың тағамдары ғана кірмейді. Әрбір үй дастарханына қазы, жал-жая, украиндердің борщ тағамын, орыстардың тұшпарасын, кәрістердің куксиі мен ұйғырлардың лағманын қояды. Фестивальдің негізгі мақсаты - біздің ерекшелігімізді көрсету", - деді оргкомитеттің төрағасы Ерлан Стамбеков.

Биыл фестиваль Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. Осыған орай "Жарасым" РЖҰ түрлі мастер-класс, қойылымдар, сонымен қатар, Баходир Джалметовтің жетекшілігімен қазақстандық каскадерлер аттың үстінде жүріп атудан шоу көрсетеді. Алматы әкімдігінің Спорт басқармасы аттың үстінде басқа да шоулар қояды.

Сонымен қатар, "Алатау" кешенінің асфальтті жағында белгілі Василий Тарабаньконың жетекшілігімен автокаскадерлердің шоуы болады. Фестивальде қазақ эстрадасының жұлдыздары: Нұрлан Абдуллин, Асылбек Еңсепов, Urker тобы, Әли Оқапов өнер көрсетеді. Фестиваль қонақтарын The Spirit of Tengri жобасынан үлкен музыкалық қойылым күтіп тұр!

Айта кетейік, билеттерді сатып алу 10 қыркүйекте аяқталады. Анықтама телефоны: +7 747 649 68 40. Билет құны: 3 000 тенге, үш жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Билеттерді Ticketon.kz сайты арқылы, сонымен қатар Алматыдағы Red Dragon мейрамханасынан сатып алуға болады. Телефон: 2734788, +77019912709, Korean Houseул дәмханасы: +77024606020, Pizza Bravo мейрамханасы: +7 727 259 70 74, +7 727 259 70 75, El Plato дәмханасы, телефон: +7 7774035533.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай