Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматыда мас жүргізуші туралы эксперимент жасалды

13 Қаңтар 2015, 11:38
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Tengrinews TV редакциясы Алматы қаласында тағы бір эксперимент жасап көрді, бұл жолы алматылықтардың мас жүргізушінің көлік руліне отырғызып жіберуге көмек сұрағанына қалай қарайтыны тексерілді. Сюжет бойынша қолында бір шөлмек арағы бар, ішімдікке тойып алған ер адам баласын алып кетуге бармақшы болады.

Кейіпкердің мас болғаны соншалық, ол көлік құлпына кілтін салып аша алмайды, сөйтіп ол бір сағаттың ішінде өтіп бара жатқан 40 адамнан көмек сұрады. Олардың 23-і мас жүргізушіні елемей, тіпті тоқтамай өте шықты. Ал 16 адам оның көлікке отыруына көмектесті, олардың үшеуі мас күйінде көлік жүргізбеуді өтінді. Тек бір ғана әйел көлікті ашып беруден бас тартып, оған таксимен баруды ұсынды. 

Айта кетейік, ресми деректер бойынша 2014 жылы Қазақстанда 38 мың мас жүргізуші ұсталды, ұсталғандарға қолданылатын жаза жыл сайын қатаңдағанымен, көлікке арақ ішіп алып отыратын азаматтардың қатары азаймай отыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай